«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!» мерекелік іс-шарасы өтті

08.05.2019

2019 жылы 8 мамырда М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті.

Мақсаты: Студенттерге патриоттық тәрбие беру, бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиған майдангерлерге тағзым ету.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы. Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда сақталған.

Ондаған жылдар бойы адамдардың естеліктерінен тазартылған оқиғалар бар, олар мұрағаттардың байлығына айналды. Ерлік ешқашан да ұмытылмауы тиіс.

Студенттер көрермендердің назарына «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты әдеби-сазды композияцияны ұсынды. Қазақ, орыс бөлімнің студенттері мен лицей оқушылары соғыс туралы өлеңдер оқып, ән орындады.

Колледж фойесінде 9 Мамыр мерекесіне арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды, ән шырқалып тұрды.

Колледж оқытушысы
Искакова Ж.Ж.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст