Наурыз-жаңару мерекесі

08.04.2019

Наурыздың 19 жұлдызында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік думан өтті. Іс-шараның басты мақсаты «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мен Наурыз мекерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына сүйіспеншілігін арттыру болды.

Мерекелік іс-шараның бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. 1-бөлім колледждің бірінші қабатында ұлттық киім киген студенттер мен лицей оқушылары жаңа жылда пәле-жала, жаман көзден қоғау үшін «аластау» салты орындады. Наурыз жырымен көрермендерге шашу шашылып, тілек жаудыра «жарапазан» айтылып барлығын бағдарламаның екінші бөліміне ертіп әкелді.

Екінші қабатта қазақтың ұлттық ойындары тоғыз құмалық ойналып, лицей мен колледж оқушылары ұйымдастырылған костюмдер көрмесімен жалғасты.

Спорт залда әр бір топ ұлтық тағамдардан дастархан жайып көрермендерді дәм татуға шақырды. Ұлттық тағамдардан «наурыз көже», «палау», «баурсақ» және басқада дәмдәлер таратыла отырып арқан тарту, тоғыз құмалақ, асық, дойбы ойындары ойнатылды.

Келесі бөлімінде колледж студенттері мен лицей оқушылары ұйымдастырылған салттанатты концертпен жалғасты. Концерт барысында колледж директоры Жанділдин Е.Б., колледж жанындағы лицей директоры Қасымова Р.Е. мен «дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД» директоры Жаканова Г.Ж. құттықтау сөз айтты. Оқушылар барша көрермендерді құлақ-құршының қандырған әнмен, көз жауын алатын би бимен, наурыз мейрамының төл салттары «ұйқы ашар мен селт еткізер» көрінісімен тәнті етті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст