Менің Туым, менің Отаным!

19.11.2019

Жуырда «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Менің Туым, менің Отаным!» атты акциясы басталған болатын. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыдағы «Медеу» спорт базасы аумағында алып туды орнату іс-шарасына қатысып, жұртшылықты рәміздерді құрметтеуге шақырды. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік туды насихаттау, дәріптеу акциясы жалғасып жатыр.

Бүгін 8 қараша күні, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің «Жаппай құқықтық білім беру» үйірмесімен «Акцент» клубының ұйымдастыруымен «Менің Туым, менің Отаным» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты мемлекеттік тудың насихаттау, студентттік жастар арасында

патриоттық сезімін күшейту, Отанға деген сүйіспеншілігін көрсете білу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, мақтан тұту және маңыздылын насихаттау. Акция мақсатына сай отаншылдыққа шақыратын әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін ойлар ортаға салынып талқыланды. Колледжіміздің жалынды жастары мерекенің ажарын ашып, құрдастарын игі бастамаға шақырды. Колледжіміздің белсенді студенттері Отан, Туған Жер жайлы мақал- мәтелдер айтып, «Көк Туымыз мәңгі желбіреп, Қазақстанымыз мәңгі жасасын!» деген тілектерін білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст