Жастар: кәсіби болашақтың траекториясы

18.03.2019

14 наурыз 2019 жылы Жастар: кәсіби болашақтың траекториясы атты облыстық студденттер форумы өтті. Бұл іс-шара жастарды тиімді әлеуметтендіру және тұлға ретінде өзін –өзі қалыптастыру, Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы байланыстарды нығайту үшін мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарына сәйкес өткізілді.

Петропавл қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі екі тақырыптық алаңда қатысты.

УИ -2-14 тобының студенттері Шевелева Е. және Салкеев Р. (жетекшісі Павилан А.К.) дөңгелек үстел түрінде өткізілген «IT-технологиялар кәсіби қызметтегі табыстың факторы ретінде» тақырыптық алаңда белсенді қатысушылары болды. Балалар оқу үрдісінде IT-технологияларды қолдану бойынша мастер-класс өткізді.
Қатысушылар викториналық сұрақтарға көңілділікпен жауап берді, оқу барысында тапсырмаларды орындады және электрондық тренажер, Kahoot ойнады. Сөз соңында Екатерина мен Руслан мастер-классқа белсенді қатысқан қатысушыларды марапаттады.

«Студенттердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту» тақырыптық алаңына НО-2-16 тобының студенті Евгений Швецова (жетекшілер Малгаждарова К.Г., Шарипов З.Б.) қатысты, іс-шара коуч-сессия түрінде өтті. Елена көшбасшының негізгі қасиеттерін атап өтті және коуч-сессияда қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізді.

Қатысушылар мен жетекшілер Солтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасының сертификаттары марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст