Халықаралық балаларды қорғау күні

06.06.2019

Бүкіл әлемде «1 маусым күні - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі өтеді. Республикада 5 миллионнан астам бала тұрады. Осы күні олар үшін барлық өңірлерде салтанатты іс-шаралар мен шерулер басталып, орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар мен сарайлар - олардың құзырында болады.

Шерудің мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдің жүріп өтуін қолдау және дамыту.

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері Петропавл қаласының «1 маусым - Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған шеруге белсене қатысты. Колледжден 60 студент іс-шараға ат салысты. Шеру Петропавл қаласының орталық көшелерінен белгілі бір бағытта өтті. Шеру колоннасы қораптардан тұрды. Әрбір ұйымнан 50-70 аралығында қатысушылары болды. Қораптың алдыңғы қатарында қолдарында білім беру ұйымының аты жазылған жалауы, таңбасы, байрағы бар қатысушылар тұрды.

Шеруге қатысушылар қорап ішіндегі музыкалық ансамбльдің орындаған музыкасына сәйкес үйлесімді түрде би билеп, ән айтып, бірдей қимылдар орындады. Қораптарға білім алушылармен қатар ниет білдірген педагогтар, ата-аналар да қатысты. Әр қораптың қатысушылары мерекелік біріңғай формалары көз тартарлық, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілері бүгінгі шеру жайлы жан-жақты хабардар етіп жатты. Шеру қатысушылары баршаға көңілді, жағымды көңіл-күй сыйлай отырып, спорттық би қимылдарын жасады.

Балалар күніне арналған іс-шараның ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст