Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында

10.04.2023

2023 жылдың 7 сәуірінде М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында қазақтың ұлы ақыны, Алаш қайраткері, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық және әдеби мұрасын зерделеу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу. Конференцияны ұйымдастырушы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК болып табылады. Конференция аясында техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары үшін «Мағжан Жұмабаев - жаңашыл, адамгершілігі зор, ұлы педагог» секциясының жұмысы қарастырылды. Конференция қатысушыларына Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ғылым жөніндегі вице-президенті Пусырманов Нұрбек Серікұлы, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Жанділдин Еңлік Борисұлы құттықтау сөз сөйледі. Конференция спикерлері ретінде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің, Кәсіптік даярлау және сервис колледжінің, Ескендір Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжінің, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің оқытушылары баяндамаларын ұсынды. Конференцияда М.Жұмабаевтың шығармашылығындағы тарихи және рухани сабақтастық, «Мағжантану» факультативтік курсын оқыту ерекшеліктері мәселелері көтерілді, қазақ ағартушысының педагогикалық көзқарастары мен қазіргі білім беру ерекшеліктері арасында байланыс жүргізілді. Мағжан Жұмабаевтың оқу-тәрбие үдерісіндегі және сабақтан тыс жұмыстағы шығармашылығы мен қоғамдық қызметін зерделеу тәжірибесі қарастырылды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст