Ұлыстың ұлы күні М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж

01.04.2019

21 наурыз күні қала орталығында Науыз мерекесі алаңында «Балалық шақ» атты киіз үйдің алдында «Наурыз - думан» салтанатты мереке өткізілді. Онда білім алушылар әндер, жар-жар айтты, ұлттық салт-дәстүр көрсетілді, би биледі. Мерекені Назира қызымыз «Ассалаумағалейкум» әнімен бастап, Тәуекел қызымыз «Наурыз-думан» әнімен қостады. Жанел мен Гүлбақыт атты екі жүргізуші қыздарымыз шығып, Наурыз мерекесімен құттықтап, қазақ биімен жалғастырылды. Келесі кезекте ұлттық салт-дәстүрі «Сыңсу» тамашаланды. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Байырғы заманнан қалыптасқан әні мен сөзі бар. Сұлу бойжеткен Ұлдархан осы «Сыңсуды» айтып, мерекеге келген барлық қонақтарды таң қалдырды. Студенттер екі топқа бөлініп, күйеу бастаған жігіттер және қалыңдық жақтағы қыздармен жар-жар айтып, тамашалап тұрған халықты тіпті қызықтырып, шабыттандырды. Жар-жарды айтып болған соң, жастар барлығы қосылып, «Қара жорға» биін орындап берді. Студенттер барлық өнерлерін ортаға салды. Қала тұрғындары мен қонақтары біраз уақыт тамашалап, бірге билеп, ән айтып, жылы лебіздерін білдірді. Іс шара өте қызықты, әсерлі, мазмұнды болды.



Текст