«Туған өлкенің тума таланттары» атты әдеби кеш

27.01.2024

Қаңтар айының 25-і күні колледжде жерлес ақын-жазушыларды ұлықтауға арналған «Туған өлкенің тума таланттары» атты әдеби кеш өтті. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі – Ысқақова Лина Құдабайқызы ұйымдастырып, УКЯ-1-21 , УКЯБ-2-22-топ студенттерін қатыстыра білді. Кеш барысында болашақ мамандардың бойынан көркемсөз оқуға деген қызығушылық, актерлық шеберлік, ақын-жазушылардың шығармаларын оқып-талдауға деген ұмтылыс, әдебиет өнеріне деген еркеше көзқарастары байқалып, көрермендерді сүйсінтті. ​Әдебие кеш қазақ халқының өткен тарихын «Елім-ай» дастанына арқау еткен ақын, қолына найза алып күрескен батыр, ақындығы мен күйшілігі, батырлығы мен шешендігі қатар ұштасқан, «сегіз қырлы, бір сырлы» - Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылыммен басталды. Баяхметов Ержан, Бейсекей Алдияр, Шәкір Гүлзада, Бақытжан Нұршаттың Қожаберген бабамыз жайлы білімдері таңқалдырып, УКЯ-1-21 және УКЯБ-2-22-топ қыздарының «Елім-ай» әнімен көркемдеп шырқаған әндері арқылы 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасын көрермендер жүрегіне жеткізе білді. ​Іс шара барысында Қазақстанның Халық жазушысы, көркемсөз зергері, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың шығармашылығы жайлы сыр шертіліп, «Ашынған ана» новелласынан сахналық қойылым көрсетілді. Ақсақ Темірдің рөлінде Амангелді Жанбота ойнап бойындағы актерлік өнерімен көрермендерді таң қалдырды. Ананың рөлін сомдаған Қапар Қарақат адамды дүниеге әкелген ананың орны зор екендігін бойындағы әртістік қабілетін ашу арқыл жеткізе білді. Ақын, педагог, Алаш қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаев өлеңдерін мәнерлеп, көркемдеп, ырғағына сай Аймұқан Дидар, Хомутова Диана, Габдуллина Минсая жатқа оқып берді. Әдеби кеште Қызылжар өңіріндегі ұлы да даңқты, алтын әріппен қалған ұлыларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайтындығын мақтанышпен айтып, еліміздің әнұранындай шырқалып жүрген «Атамекен» әнімен аяқталды. ​ Білім алушылар әдеби кеш барысында алған әсерлерімен бөлісіп, туған жерге деген махаббаттарының асқақтай түскендігін айтып, өз сезімдерін білдірді. ​


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст