«Колледждің үздік оқытушысы - 2023» кәсіби шеберлік байқауы

09.11.2023

2023 жылдың 9 қаршасы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Колледждің үздік оқытушысы - 2023» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Конкурстың мақсаты: арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, дарынды оқытушыларды анықтау, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу. Байқауға колледждің 6 оқытушысы қатысты: Муратова Алтыншаш Кабдоллақызы, Нурпеисов Омар Консбайұлы, Науризбаева Асель Сабыржанқызы, Кабдуллов Қазбек Өмірбекұлы, Казиева Гүлім Серикбайқызы, Какимова Карлыгаш Серикбайқызы. Байқаудың ашылуы ұстаз туралы әсерлі театрлық қойылыммен, «М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі» КММ оқушыларының музыкалық құттықтауынан және колледж директоры Жанділдин Ерлік Борисұлының құттықтау сөзінен басталды. Мерекелік іс-шарада біздің колледждің шығармашылық тұлғаларының әдемі музыкалық композициялары шырқалды. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 4. «Меің педагогикалық жолым» шығармашылық өзін-өзі таныстыру; 5. Әдістемелік тәжірибенің тұсаукесері; 3. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқу сабағының үзіндісін көрсету. Барлық қатысушылар дайындыққа және байқауға қатысуға өте байсалды, жауапкершілікпен және адал ниетпен қарады, креативтілік пен кәсібиліктерін көрсетті. Колледждің үздік оқытушысы атағына үміткерлер өздерінің барлық қабілеттері мен таланттарын, құзыреттілігін, шеберлігі мен табандылықтарын көрсете білді. Әр конкурстық тапсырманың өзіндік бағалау критерийлері болды. Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған педагогикалық шешімдердің практикалық маңыздылығына, функционалдығы мен өзектілігіне, өзін-өзі таныстырудың айқындығына, эмоционалдылығы мен бейнесіне көп көңіл бөлді. Студенттер де дауыс беру құқығына ие болды және конкурс жеңімпазын анықтауда онлайн-сауалнамаға қатысты. Барлық қатысушыларға қызықты және мазмұнды қойылымдары үшін шын жүректен алғыс айтамыз және алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!!! Байқау нәтижелері 2023 жылғы 20 қарашада колледждің туған күнінде анықталатын болады!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст