«Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын жалғастырады

22.05.2019

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттары бүкіл қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.

2019 жылдың қаңтарынан бастап "Қызылжар – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмысын бастады, ол тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, кедергісіз және жайлы жағдайлар жасауға, қоғамдық бақылау жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Осыған байланысты, Жобалық кеңсе әлеуметтік желілерде тарату үшін парақшалардың эскиздерін, сондай-ақ "эмоджи" суреттерін әзірледі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау мен құрметтеуге тәрбиелеу, соның ішінде тәртіп пен құқықтық тәртіпті арттыру мақсатында 2019 жылы 20 мамырда колледж студенттері мен оқытушыларына буклеттер, "эмоджи", парақшалар таратылды. Барлық ақпараттық материалдар әлеуметтік желілерде, Vkontakte, Whatsapp, Instagram мессенджер топтарында орналастырылған; емтихандық сессия кезеңі шеңберінде топтардың сынып жетекшілері "Таза сессия" тақырыбына әңгіме өткізді. Сонымен қатар, колледжде оқу жылы бойы әлеуметтік психологиялық қызметпен бақыланатын "Сенім жәшігі" жұмыс істейді.

Біздің колледждің студенттері облыстық және қалалық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, клубтың қызметін белсенді түрде қолдайды.

Мухамадиева А.Д., Омарова М.Т.,
«Адал ұрпақ» клубының жетекшілері


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст