«Жастар жылы-жаңа толқын, жаңа леп»

22.11.2019

2019 жылдың қараша айының 20 күні М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің табалдырығын биыл аттаған 1 курс студенттері студент қатарына қабылданды. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жастар бүгіннен бастап өмір кітабының «студенттік кезең» атты ақ парақтарын безендіретін болады. Колледждің туған күнімен тұспа-тұс келген бұл күн бірінші курс студенттері үшін маңызды күн болды. Таңертең сабаққа келген 1- курс студенттерін қарсы алу ерекше басталды: көңілді музыкалық әрлеумен жасалған презентациялар көрсетілді, түрлі кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындаған студенттерге тәттілер ұсынылды. Бұл мерекелік шара кабинеттерде студенттердің өміріне, колледж тарихына байланысты қызықты, танымдық сұрақтарға жауап берумен жалғасып, одан кейін спорт залында жарыстар, эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.

Студенттер қатарына қабылдауда колледж директоры Жанділдин Ерлік Барысұлы сөз сөйлеп, студенттерге ақ жол тілеп, сынақ кітапшасын тапсырды.

Қабылдау «Жастар жылы-жаңа толқын, жаңа леп» атты бірінші курс студенттері арасында ұйымдастырылған колледж жұлдыздары сайысы жеңімпаздарының қатысумен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Студенттер қатарына қабылданған жастар өздерінің өнерлерін паш ете отырып, көрермен қауымға көңілді мерекелік кеш сыйлады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст