Мағжан Бекенұлы Жұмабаев-атақты ақын

25.06.2021

2021 жылдың 24 маусымы Ұлы ақын, жазушы, публицист, педагог Мағжан Жұмабаевтың туған күніне орай ақын ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Г.Р. Каримова, "Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж" директоры Е. Б. Жанділдин және педагогтармен студенттер қатысты.
Ескерткіштің жанында Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық жолдары айтылып, салтанатты рәсімге қатысушылар ескерткіштің етегіне гүл шоқтарын қойды.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев-ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көкжиегінде пайда болған жарқын жұлдыздардың бірі.
Мағжан-басқаларға ұқсамайтын, өзіндік стилі бар ақын. Ақын өмірді бір сурет ретінде, ал адамды ұлы табиғаттың жаратылысы, ғаламның бөлшегі ретінде қарастырады. М. Жұмабаев қоғамда орын алып жатқан жағдайдың мәнін түсінуге тырысады, қаралып жатқан мәселелерді жай-күйі мен үрдістерін анықтай отырып, оны құбылыстың сыртқы жағы ғана емес, сонымен қатар ішкі мағынасы да қызықтырады. Ол әлемді философиялық тұрғыдан қарастырды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст