85 жыл бойғы мейірімділік жолы

04.03.2019

Наурыз Қазақстанда - басқа айларға қарағанда мерекеге толы ай. Олардың ішінде әлі жас, бірақ жыл сайын танымал болып келе жатқан мереке бар. Бұл-барлық қазақстандықтарды мейірімді және игі істер жасауға біріктіретін Алғыс күні!

Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттеріне көктемнің алғашқы күні жүрегі мейірімге толы Солтүстік Қазақстан облыстық Қызыл Жарты Ай филиалының директоры Сәуле Бекқожақызы ОРАЗОВАМЕН кездесуді сыйлады.

Қызыл Жарты Ай қоғамы-1934 жылы құрылған және Қазақстан халқының қайырымдылық дәстүрлерін және әлемдік гуманитарлық ұстанымдарды жүзеге асыратын бірегей ұйым. Қызыл Жарты Ай қоғамы-үйсіздерді жылытады және беймәлім адамдарға қамқорлық жасайды, жетімдердің өмірін бай және жарқын етеді. Қызыл Ай-қайғы қайда болса, сонда болады.

Қызыл Жарты Ай қоғамы қызметінің негізгі бағыттары:

- Төтенше жағдайлар құрбандарына шұғыл көмек көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

- халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау және олардың өмірін жақсарту, ерекше мұқтаж топтарға (жалғызілікті қарт адамдар, көп балалы аналар, балалар) нақты гуманитарлық көмекті ұйымдастыру, денсаулықты қорғау және үйде күтім жасау;

- "Жастар және СӨС", "Оқушыларды алғашқы көмек көрсету әдістеріне үйрету", "Суда құтқару" жобалары арқылы балалар мен жастарға медициналық және санитарлық-гигиеналық білім беру;

- босқындарға, көшіп-қонушыларға, репатриант-оралмандарға көмек көрсету (әскери зираттарды іздеу және олардың сақталғанын растау, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру, құжаттар мен туыстарды іздеу) және т.б.

Қоғам қызметінің негізі болып табылатын негіз қалаушы қағидаттар - бұл адамгершілік, бейтараптық, тәуелсіздік, еріктілік, бірлік, әмбебаптық және т.б.

Кездесу барысында студенттер қоғамның құрылу тарихын, оның негізгі қызмет бағыттарын, жұмыс принциптері жайлы білді. Студенттер жылы және достық жағдайда кездесуде әрі қарай ынтымақтастыққа тілек білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.:

- Қайырымдылық қызметпен айналысу үшін жақсы адам болу жеткілікті ме? Бұл үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

- Сіз "Мейірімділіктің күші оның қарапайымдылығына" деген пікірмен келісесіз бе?

- Сіз бізбен сіздің қайырымдылық филиалыңыздың өмірінен қызықты тарихпен бөлісе аласыз ба?

Біздің қонақ студенттерді ақысыз игі іс жасауға шақыра отырып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, өйткені айналып өзіңе келетін заңды ешкім алып тастаған жоқ.

М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде бірнеше ондаған жылдар бойы Қызыл Жарты Ай қоғамымен ынтымақтасуға қатысты белсенді ұстаным бар. Студенттер мен оқытушылар қайырымдылық іс-әрекетімен, мұқтаждарға қайырымдылық жинаумен айналысады,студенттерді еріктілік қозғалысқа тартып насихаттайды. Еріктілік қызметке қосылғаннан кейін студенттер өздерін қажет сезінеді, жақсылық жасауға, мейірімділік әкелетін әлеуметтік өмірді құруға өзінің қатысын сезінеді. Біреудің өміріне үңілу арқылы махаббат пен сезімнің жарығымен қанығып, студент-волонтер мұқтаж адамның шынайы өміріне араласады.

"Еріктілік-бұл жаңа мүмкіндіктер, тәжірибе, танысу, қарым-қатынас, өздігінен білім алу, қысылудан арылу, жаңа дағдыларды дамыту және жетілдіру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру . Еріктіліктің арқасында біз өзімізді қоғамға пайдалы екенімізді сезіне бастадық!"- деп, НО-4-18 тобының студенті Колесникова Анастасия атап өтті.

Кез келген қайырымдылық ұйымның қызметі ерекше ықылас пен құрметке лайық. Одан әрі ынтымақтастық белгісі ретінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нина Валентиновна Рысева колледж әкімшілігі мен барлық педагогикалық және студенттік ұжым атынан Сәуле Бекқожақызы алғыс хат табыс етті және махаббат пен жақсалық, ынтымақтастық тілей отыра осындай ерекше күнді көтеріңкі көңіл күймен өткізуге тілек білдірді.

Іс шара ұйымдастырушылары

Мухамадиева А.Д., Омарова М.Т.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст