Ашық есік күні біздің колледжде

23.04.2019

2019 жылдың 19 сәуір күні М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты: талапкерлерге аса маңызды таңдау жасауға, болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, оқу орнының қыр-сырымен таныстыру.

Біздің колледж жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті, өзіндік тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқан, жоғары кәсіби білімді маман даярлайды. Әр мамандық бойынша ақпаратқа толы презентация мен көрме ұйымдастырылды. Акт залында – мерекелік концерт өтті.

Асық есік күніне Қызылжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев аудандары мен қала мектептерінен 350-ден астам мектеп оқушылары мен мұғалімдері келді. Бүгінгі ашық есік күні мерекелік іс-шарамен ұласып, келген қонақтарды «Бір қадам алға» атты үгіт бригадасы мен «Жігер» педагогикалық жасағы келген қонақтарды 2019-2020 оқу жылына қабылданатын мамандықтар бойынша түрлі өнерлері арқылы жан-жақты ақпарат пен кәсіби бағдар берді. Көркемөнерпаздар көрсеткен нөмірлер студенттердің қабілеттерін, үйірмелер мен клубтардың жұмысын көрсетті.

Келген қонақтарымыз таңдаған мамандықтары жайлы толыққанды ақпарат алды деп ойлаймыз. Мектеп түлектері, сіздерге айтарымыз: Оқуға бізге келіңіздер, есігіміз сіздерге әрқашан да ашық!

А.Б. Рсаева, іс-шараның ұйымдастырушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст