«Тәтті дәм» атты қайырымдылық акциясы

21.02.2024

Ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қабылданған оңтайлы шешімдердің бірі - көктемнің алғашқы күнін Алғыс айту күні ретінде бекітілді. Осы мереке күніне орай М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжіндегі «Инабат» клубының ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы жетім балаларды тәрбиелеу орталығындағы сәбилерге арналған «Тәтті дәм» атты қайырымдылық акциясы 2024 жылдың 19-29 ақпан күндері өткізіледі. Колледж ұжымы мен студенттерді «Тәтті дәм» атты қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. Акция барысында жұмсақ ойыншықтарды, кеңсе тауарларын жинаймыз: бояулар, түрлі-түсті қарындаштар, қаламдар, сурет альбомдары, дәптерлер, түрлі-түсті қағаздар, пластилин, шығармашылық жиынтықтар. Акцияның соңында тәтті тоқаштарды әкелуге болады. Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» -деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст