Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 103 жылдығына арналған «103 жыл: даралық пен даналық жолы

20.11.2023

2023 жылдың 20 қарашасында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 103 жылдығына арналған «103 жыл: даралық пен даналық жолы» атты мерекелік концерт өтті. Колледж басшысы Жанділдин Ерлік Барысұлы оқытушылар мен студенттерді құттықтады. Іс-шараға колледжіміздің әлеуметтік серіктесі "ЛОРД" дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының директоры Жақанова Гүлжан Шамилевна қатысып, колледж жайлы өзінің жылы лебізін айтты. Облыстың білім беру жүйесін дамытуға зор үлесін қосқан үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен колледж оқытушылары марапатталды. Білім жолы – ұлы жол! Колледж қабырғасында өткен «Колледждің үздік оқытушысы - 2023» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы жарияланды. «Шығармашылық және шабыт» номинацисы - Нурпеисов О.К. «Білімпаз оқытушы» номинацисы - Науризбаева А.С. «Жастық шақ және талант» номинацисы - Какимова К.С. 3 орын - Муратова А.К., 2 орын – Казиева Г.С., 1 жүлделі орын - Кабдуллов К.О. Колледж тарихы жан-жақты айтылды. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер тамаша көңіл-күй сыйлады. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 103 жылдығы баршаңызға құтты болсын. Егеменді еліміздің білім ошақтары өркендей берсін! Мағжандай бабамыздың сенімі жастар, болашақ мамандар ақын есімін асқақтата берсін!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст